
«Түйенің түбіті қойдың жүніне қарағанда екі есе жеңіл әрі жұмсақ. Сондықтан жамылғылар жылуды жібермейді, суықты өткізбейді»,- дейді мамандар,-деп хабарлайды 24.kz
Емдік қасиеті бар шикізаттан жасалатын өнімге ел ішін айтпағанда шетелде де сұраныс артқан. Маң даланың маңғаз жануарының еті ем, шұбаты шипа. Ал жүні бөлек әңгіме. Түйенің жүні ежелден бері қазақтың тұрмысында көрпе, сырмақ, төсеніш, киім-кешек үшін қолданылған. Әсіресе буын ауруларымен ауыратын адамдар үшін емдік қасиеті бар. Бірақ бүгінде оның пайдасын бірі білсе, бірі білмейді. Гүлсанат Мерқұлова, кәсіпкер: - Түйенің түбіті сонау Сыр елінен келеді. Жібектей жұмсақ, жеңіл жүнмен жұмыс істеген ыңғайлы, - дейді мамандар. Алдымен дайын матаға жүнді жаймалап, мына құрылғының көмегімен тігісі тігіледі. Өндірісте ай сайын 500 көрпе шығарылады. Цехтің ашылғанына әлі бір жыл болған жоқ. Десе де, таза өнім еліміздің бірқатар өңірінде сатылымға түсіп жатыр. Тіпті Қазақстанда жасалған көрпелер шетел асып, Ресейде сұраныс артқан. Гүлсанат Мерқұлова, кәсіпкер: - Түйе жүнінен жасалған жамылғының бағасы да қолжетімді. Жаңа туған сәбилерге арналған көрпе-жастық 4 мың теңге. Ал үлкендері 10-15 мың теңгенің көлемінде тұрады. Айнұр Ақылбаева, қала тұрғыны: - Табағи таза өнімге қашан да сұраныс бар. Оның үстіне тауардың сапасы бағасына сай. Енді кәсіпорын алдында шетел нарығын бағындырып, бәсекеге төтеп беру мақсаты тұр.
Авторлары: Жадыра Медетбек, Ерсін Мұханбеталин