» » Қазақстанда балалар үйі азайып келеді

Қазақстанда балалар үйі азайып келеді

Қазақстанда балалар үйі азайып келедіЕліміздегі балалар үйінің саны біртіндеп кеміп келеді,-деп жазады 24.kz.  Биылғы жылы жетімдерге арналған 6 мекеме жабылып, ондағы тәрбиеленушілер толыққанды жанұялардың мүшесі атанған.
Осыдан 5 жыл бұрын Қазақстанда 85 мың жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала тіркелсе, бүгінгі күні олардың саны 32 мың. Мұндай жағымды деректі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында балалар құқығын қорғау комитетінің мамандары хабарлады. Гүлмира Құлсариева, ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитетінің бас маманы: - Бүгінгі күні республикамызда 188 мекемеде 9192 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалардың бәрі патронаттық тәрбиеге, қамқоршылыққа және отбасылық үлгідегі үйлерге таратылғанына байланысты жетім балалар саны азайып жатыр.


Пікір: 0
Пікір қосу