
Жартылай финалда көрермендердің дауыс беруімен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз ақтық сынға жолдама алған болатын. Жас өрендер байқауы елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Осы байқауда қарағандылық Тұрсынхан Еркін 34,5 ұпаймен жеңімпаз атанды. Енді ол желтоқсан айында Түркияда өтетін Bala Turkvizyon сайысында еліміздің намысын қорғайды. Түркі тілдес халықтар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға 20-ға жуық мемлекет қатысуға ниет білдірген.