
Жамбылдық спортшы Шотландиядағы Глазго қаласында паралимпиалық жүзуден әлемдік чемпионатта қола медальды жеңіп алғаны жұртқа мәлім. Өңір басшысы спортшыны жеңісімен құттықтап, арнайы алғыс хат пен сыйлық табыс етті.
-Мен сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өмірде кездесетін қиындықтарға мойымай, жігерлілік танытуыңызды батырлық деп санаймын. Болашақта да үлкен жеңістерге қол жеткізуіңізге тілектеспін,-деді облыс әкімі.
2015 жылы Шотландияда өткен жүзуден өткен Әлем чемпионатына 70 мемлекеттен тірек - қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен 600-ге жуық спортшы қатысқан болатын.
Онда Қазақстан Республикасының намысын 7 жүзуші қорғады: Мансурбек Ибрашев, Андрей Афанасьев, Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Ануар Ахметов, Наталья Звягинцева и Михаил Еременко.
Жамбылдық спортшы Зульфия Габидуллина әлемдік рейтингтегі ең мықты жүзушілердің сегіздігіне кіреді және 50 м қашықтыққа еркін жүзуде төртінші орынға, 150 м комплекстен - 5 орын, 100 м еркін жүзуден – 5 орын, 50 м арқамен жүзуден – 7 орынға ие болғанын атап өткен жөн.