
Осылайша қазақстандық спортшы 23 - 29 тамыз аралығында Нью-Йорк қаласында жас теннисшілер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Жақас Қозбақ тенниспен 5 жасынан бастап шұғылдана бастапты. Бірнеше рет ел чемпионатында жеңіске жеткен. Қазір ол АҚШ-тағы теннис академиясында жаттығып, келесі жарыстарға дайындық жүргізіп жатыр.