» » 8 жасар қазақстандық теннисші халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

8 жасар қазақстандық теннисші халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

8 жасар қазақстандық теннисші халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атандыҚызылорда өңірінің тумасы Жақас Қозбақ АҚШ-тың Флорида қаласында теннистен өткен халықаралық турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді. Ақтық финалда жерлесіміз Аргентиналық теннисшіні 6:4, 6:3 есебімен ұтып алға шықты,-деп жазады khabar.kz
Осылайша қазақстандық спортшы 23 - 29 тамыз аралығында Нью-Йорк қаласында жас теннисшілер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.  Жақас Қозбақ тенниспен 5 жасынан бастап шұғылдана бастапты. Бірнеше рет ел чемпионатында жеңіске жеткен. Қазір ол АҚШ-тағы теннис академиясында жаттығып, келесі жарыстарға дайындық жүргізіп жатыр.

Пікір: 0
Пікір қосу