» » «Мектепке жол» акциясы Т. Рысқұлов ауданында

«Мектепке жол» акциясы Т. Рысқұлов ауданында

Тараз. Zhambylnews – Қазіргі таңда республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы өтіп жатқаны белгілі. Азаматтар шараға үн қосып, белсене араласуда. Бұл туралы Т. Рысқұлов әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Құлан шағын орталықты орта мектебінің ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға 100000 теңгеге демеушілік көрсетіп отыр. Сондай-ақ, ата-аналар тарапынан да демеушілік көрсетіліп келеді. Атап айтсақ, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасын алуға Мұрат Иманбаев 30000 теңге, жеке кәсіпкер Асылкүл Райымова жағынан 120000 теңге көмек бергені үшін мектеп ұжымы шексіз алғыс білдіреді. Жалпы, 250000 теңгеге  әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған жанұядан шыққан балаларға сырт киім мен құрал-жабдықтар берілді.
 «ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу