» » «Мектепке жол» акциясы Жуалы ауданында

«Мектепке жол» акциясы Жуалы ауданында

Тараз. Zhambylnews – Жуалы ауданында «Мектепке жол» акциясына кәсіпкерлер де белсене қатысуда. 
Мәселен,  Астана қаласында тұратын кәсіпкер Нұрлан қажы  Ажанқұлов ауылда болған кезде Ақсай ауылдық округіндегі Мыңбұлақ және Дихан орта мектептерінде балалары оқитын  екі ауылдағы тоғыз отбасына 380 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. 
Ал Нұрлыкент ауылдық округінде ауылдағы барлық дүкендердің иелері, яғни жеке кәсіпкерлер бір-бір баладан киіндіріп,  акцияға өз үлестерін қосты.
 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу