» » Жамбыл облысында 32 келіден астам героин тәркіленді

Жамбыл облысында 32 келіден астам героин тәркіленді

Жамбыл облысында 32 келіден астам героин тәркілендіЖамбыл облысында аса ірі көлемде героин тасымалдамақ болған күдікті ұсталды,-деп хабарлайды 24.kz.
Ол 32 келіден астам есірткіні жеңіл көлікке жасырып, Қазақстан аумағына алып өтпек болған. 31 жастағы қырғыз азаматы Қордай ауданындағы Қарасу кеден бекетінде қолға түсті. Бекет қызметкерлері сканерлік тексеру кезінде дөңгелектің үстіңгі жағындағы қарайған затты байқап қалған. Иіс сезгіш иттердің көмегімен тінту кезінде 95 дана қаптама табылды. Мақсат Алтынбек, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бөлім басшысы: - Қазіргі кезде қылмыстық іс материалдары тергеу реті бойынша ішкі істер органдарына жолданды. Бұл жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметінің анықтап отырған алғашқы дерегі емес. Жалпы, жыл басынан бері 37 келіден астам героин тәркіленіп, заңсыз айналымнан алынды.
Пікір: 0
Пікір қосу