» » Таразда бір тоннадан астам кендірқурай жинаған азамат ұсталды

Таразда бір тоннадан астам кендірқурай жинаған азамат ұсталды

Таразда бір тоннадан астам кендірқурай жинаған азамат ұсталдыТараз шекара отрядының «Көгершін» шекара заставасының офицерлері 3 тамыз күні сағат 13.45 шамасында, шекаралық сызықтыққа жақын «Арғын Қамал» аталған маңнан Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып шыжыған күннің астында шөп шабуға «бел шеше» кірісіп кеткен азаматтың «жұмысын» тоқтатты. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды. 
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тонна 170 кг шөп жабайы кендірқурай болып шықты. Енді 1965 жылы туған азаматтың ісін    ішкі істер орагандарының қызметкерлері тексереді.


Пікір: 0
Пікір қосу