
«Бірінші кредиттік бюро талдау орталығының мәліметінше, 2015 жылдың басынан бері жалған құжатпен кредит ресімдеудің 500-ден астам (күніне орташа 2 заемнан) оқиғасы анықталды. Алаяқтар көбінесе күдік туғызбайтын адамдардың жеке куәлігін қолдан жасап, кредитті қайтармау мақсатында ресімдеп жатады», - деп хабарланған Бірінші кредиттік бюроның сайтында.
Белгілі болғанындай, жыл басынан бері 400-ден астам адам қаржы ұйымдары бюроға қате мәлімет бергенін анықтап, олқылықты түзетуді талап еткен.