
Полицейлер ол жерден салмағы 26 келіден асатын үш қап майдаланған өсімдікке ұқсас зат пен бір бау кендір шөп анықтады. Химиялық сот сараптамасы көрсеткендей, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 846 келіден астам. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат есірткіні өткізу мақсатында жинағандығын мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.