» » Елімізде 100qadam.kz сайты іске қосылды

Елімізде 100qadam.kz сайты іске қосылды

5 институционалды реформаның жүзеге асу барысын енді интернет арқылы бақылауға болады. Порталда сарапшылардың пікіріне баға беріп, ғылыми мақалалармен танысуға болады,-деп жазады khabar.kz
Сондай-ақ 5 институционалды реформаға байланысты соңғы жаңалықтар үш тілде жарияланады.  Сайттың дизайны мен функциялары «Қазнет» пайдаланушылары үшін  қарапайым әрі түсінікті етіп жасалған.  Айта кетейік, порталдағы барлық ақпарат көру қабілеті нашар азаматтарға да қолжетімді, ол үшін арнайы интерфейс орнатылған. 100qadam.kz порталындағы жаңалықтармен ұялы телефон және  планшет арқылы да танысуға болады.   Жандос Чулаков, «Қазконтент» АҚ басқарушы директоры -Біз «Сарапшылар» бөлімін тесттік режимде пайдалануға бердік. Ол бөлімде сарапшылардың пікірі мен сараптамалық материалдар қамтылған. Бұл редакциялық жұмыс яғни барлық сарапшылармен байланыс орнатылған.



Пікір: 0
Пікір қосу