Алматының «Қайраты» 11-рет мини-футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды, ол финалда елордалық «Астана-Тұлпар» командасынан 6:0 есебімен басым түсті,-деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сүйеніп. Бірінші таймның өзінде Константин Перемышлиннің қақпасына 4 доп енсе, екініш таймда есеп жауапсыз 6 голға дейін жетті. Дінмұхамбет Сүлейменов, Игор және Серік Жаманқұловтар бір-бір голдан салса, Дуглас хет-трик авторы атанды.



