Айтулы додада Қазақстанның спорт шеберлері – Илья Ильин, Алмас Өтешев және Жасұлан Қыдырбаев бақ сынады. Екі сайыстың қорытындысында Ильин 431 (191+240) ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды, Жасұлан Қыдырбаев 418 (188+230) ұпаймен екінші орынды иеленді, ал 410 (180+230) ұпай жинаған Алмас Өтешев үшінші орында тұрақтады.
Естеріңізге саламыз, бүгін Талдықорғанда ауыр атлетикадан өтіп жатқан ҚР IV Спартакиадасының соңғы күні. Алда 105 келіден ауыр салмақтағы атлеттер күш сынасады.



