» » Тараздықтар дзюдодан әлем чемпионы Е.Сметовті қарсы алды

Тараздықтар дзюдодан әлем чемпионы Е.Сметовті қарсы алды

Тараздықтар дзюдодан әлем чемпионы Е.Сметовті қарсы алдыТараз жұртшылығы дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметовті қошеметпен күтіп алды. Қала тұрғындары мен спортшылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына жиылып, жерлестерін жеңісімен құттықтады,-деп жазады 24.kz
Чемпион мен оның жаттықтырушыларының иығына шапан жапты. Елдос Сметовке үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Айта кету керек, ол тамыздың 24-і мен 30-ы аралығында Астанада өткен әлем чемпионатында 120 елдің мықты деген спортшыларынан оза шауып, қазақ елінің абыройын асқақтатты. 60 келі салмақта өнер көрсеткен өрен енді Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды. Елдос Сметов, дзюдодан әлем чемпионы:  - Осы әлем біріншілігінен кейін Олимпиада ойындарына 100% дайындала беруге болады. Алла қаласа, келесі қойған мақсат – Олимпиада ойындарында әлем біріншілігіндегідей жеңіске жету.

Пікір: 0
Пікір қосу