» » «Кайрат» 11-рет мини-футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

«Кайрат» 11-рет мини-футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

Алматының «Қайраты» 11-рет мини-футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды, ол финалда елордалық «Астана-Тұлпар» командасынан 6:0 есебімен басым түсті,-деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сүйеніп. 
Бірінші таймның өзінде Константин Перемышлиннің қақпасына 4 доп енсе, екініш таймда есеп жауапсыз 6 голға дейін жетті. Дінмұхамбет Сүлейменов, Игор және Серік Жаманқұловтар бір-бір голдан салса, Дуглас хет-трик авторы атанды. 



Пікір: 0
Пікір қосу