» » Лондонда селфиден әлем чемпионаты өтті

Лондонда селфиден әлем чемпионаты өтті

Лондонда селфиден әлем чемпионаты өттіЛондон орталығындағы фотостудиялардың бірінде селфиден әлем  чемпионаты өтті. Бұл туралы The Independent хабарлайды,-деп жазады 24.kz.
Чемпионаттың жүлде қоры 1000 еуроны құрайды. Сондай-ақ оған қоса селфи таяқшасы ретінде белгілі алтын монопод беріледі. Селфиге түсуді ұнатқыштар «Дүрдиген ерін», «Айна», «Керемет киім», «Жұлдыз», және «Акулаға жем» сияқты әртүрлі категориядағы жарыстарға қатысты. Сонымен қатар категория арасында «Карен Дзанчук» – патшайыммен бірге түскен селфи де бар. Чемпионатта Кэти Грант қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Пікір: 0
Пікір қосу