Қазақ құрамасының капитаны әзербайжан боксшысы Парвиз Багировты айқын басымдықпен жеңді. Былғары қолғап шеберлері 69 келі салмақта сынға түскен. Есеп 3:0. Осылайша қазақ боксшысы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды. Ал Лондон олимпиадасының жүлдегері Иван Дычко өзбек боксшысы Бахадүр Жалоловтан басым түсті. Енді финалда Данияр Елеусінов марокколық Мохаммад Рабимен жекпе-жекке шықса, Иван Дычко француз Тони Йокамен қолғап түйістірмек. Сайыс қазанның 14-15 күндері өтеді.
- 13 қазан 2015 ж.
- 66
Бокстан әлем чемпионатының финалына 2 боксшымыз өтті