» » Әжелер арасында байқау өтті

Әжелер арасында байқау өтті

Әжелер арасында байқау өттіТараз. Zhambylnews – Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ұ.Сыздықбайұлы және Ақтоғай ауылдары әжелерінің арасында қызықты байқау өтті. 
«Жылу күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» демекші,  шараға алты үміткер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау мақсаты-ұрпақтар сабақтастығын дамыту, салт-дәстүрімізді насихаттау. Сайыста бесікке салу, баланы құндақтау, тұсаукесер, ұршық иіру, жүн түту, тоқыма жұмыстары көрініс тапты. 
Байқауды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберді Әбілов ашып, ақ жаулықты аналарға сәттілік тіледі. 
Сайысқа қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар берілді.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу