
Жиында Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағына бастапқы кіру кезеңінде туындаған мәселелер талқыланды. Мәжіліс барысында, облыстық Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Департаменті және облыс бойынша Мемлекеттік кіріс Департаментімен мемлекеттік шекарадағы инфрақұрылымдардың жеткіліксіздігіне қатысты туындаған мәселелері, облыс аумағына халық тұтыну тауарлары, көлік құралдарының жаппай кіру қаупі, рұқсат етілмеген заттардың айналымы туралы баяндалды.
Мәжіліс қорытындысында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді тиісті ұйымдастыру үшін шара қолдануды, өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға шара қолдану туралы пікір айтылып, шекара қызметінің әскери қызметкерлерін тексеріп қарау, техникалық құралдарын және тексеру қарау-инспекциялық кешенін пайдалануына қосымша тәлім алуын ұйымдастыру ұсынылды.
«ZhambylNews» АА