
Шараға аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Қ.Бижанов, аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы С.Жадраев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Жамалбеков, Т.Рысқұлов аудан прокуратурасының прокуроры М.Шайнаков, АІІБ полиция капитаны М.Әдепбай, полиция аға лейтенанты Н.Рахишева, Т.Рысқұлов ауданының медиаторы С.Халықова, мұражай директоры Е.Құрымбаев, орыс этномәдени бірлесітігінің жетекшісі Л.Левицкая, мекеме және бөлім басшылары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, заң саласының мамандары, этномәдени бірлестік өкілдері, кітапхана ұжымы, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Жастар орталығы», колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысты.
Шара қатысушылары бейбітшілік бар жерде береке жүретінін, жақсылық, ізгілік, мейірімділік сынды ізгі қасиеттерді ұлықтауымыз қажеттігін айтып өтті.
Тағылымы мол кездесу барысында жастар рухани қанаттанып, тәлім-тәрбиесі мол әңгімелерден сусындады.
«ZhambylNews» АА