» » Отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті

Отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті

Отбасы күніне орай дөңгелек үстел өттіТараз. Zhambylnews – Байзақ ауданында «Жарық тарату» ұйымының  ұйымдастыруымен  «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында  отбасы  күніне  орай  дөңгелек  үстел  өтті.
Шараға іскер әйелдер  қауымдастығының  мүшесі Т. Кадимова, Байзақ аудандық ішкі саясат бөлімінің  мамандары, көп  балалы  аналар, жас  отбасылар, «Жас Отан» жастар қанатының  мүшелері, ардагер  ұстаздар, «Жарық тарату» БП ұйымының  мүшелері, мұғалімдер, ішкі істер бөлімінің  инспекторы Марат Қожағұлов, т. б. қатысты.
Жиында мектептің тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасары   Б. Оразбекованың  баяндамасы тындалды.  Мектеп  психологтары Қ.  Рыскелдиева мен Г. Ургешбаеваның ұйымдастыруымен  тренинг  жүргізілді. Әлеуметтік –педагог А. Демешова мен С. Еришева ситуациялық сұрақ-жауаптар дайындады. «Жарық тарату» БПҰ мүшелері  шағын  концерт ұйымдастырды. Дөңгелек үстел соңында келген  қонақтарға сый ретінде  гүл шоқтары ұсынылды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу