» » Ата Заңның 20 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Ата Заңның 20 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Тараз. Zhambylnews -  Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Тараз жастар орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл: тарихи-құқықтық тәжірибелер» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл туралы ТИГУ баспасөз қызметі хабарлайды.
         Жиынды ТИГУ ректоры  Ерболат Саурықов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде биыл қазақ елі үшін аса маңызды даталардың атап өтілетіні, ең бастысы-Қазақ хандығының 550 жылдық думаны тарихи Тараз шаһарында ұйымдастырылатыны үлкен сын әрі абырой екенін айтып, жиынға қатысушыларды Ата Заңның 20 жылдығымен құттықтады.
         Отырысқа Жамбыл облысы прокуратурасы Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтарын қадағалау басқармасының басшысы, әділет кеңесшісі А. Әбілдаев («Ата Заң – ел тірегі»), «Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Тараз жастар орталығының» директоры Е. Төлендиев («Конституция – бірліктің кепілі») қатысып, мерейлі датаға орай өткізілген жиында арнайы баяндама жасады. Сонымен қатар, ТИГУ-дің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ж. Аягөзов «ҚР Конституциясының тарихи танымдық болмысы», «Ғылым және инновация» басқармасының басшысы Н. Әбдімомынов «Жеті жарғы – Қазақ хандығының алғашқы конституциясы», «Магистратура» бөлімінің басшысы, з.ғ.к Ж. Бақтыхожаев «Конституция – кемел болашағымыздың кепілі», «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ұ. Құрманбаев «ҚР Конситуциясының тарихи жады мен саяси саналық табиғаты» тақырыптарында баяндама оқып, бірнеше тың мәліметтер келтірді.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу