» » Сарысу аудандық сотының ұжымы сенбілікке шықты

Сарысу аудандық сотының ұжымы сенбілікке шықты

Сарысу аудандық сотының ұжымы сенбілікке шықтыТараз. Zhambylnews - Сарысу аудандық сотының ұжымы күзгі екі айлық тазалық кезінде өткізілетін қала тазалығына басты назар аударып, қаланы көркейту мен көгалдандыруға атсалысты,-деп жазады Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі.
   Судьялар мен сот қызметкерлері бұлтсыз шуақты және жылы күнде ауладағы қураған шөптерді шауып, жерге түскен жапырақтарды жинап, қоқыстарды шығарып, сондай-ақ талдарды әктеу жұмыстарын жүргізді.

 «ZhambylNews» АА



Пікір: 0
Пікір қосу