Тараз. Zhambylnews - Сарысу аудандық сотының ұжымы күзгі екі айлық тазалық кезінде өткізілетін қала тазалығына басты назар аударып, қаланы көркейту мен көгалдандыруға атсалысты,-деп жазады Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі. Судьялар мен сот қызметкерлері бұлтсыз шуақты және жылы күнде ауладағы қураған шөптерді шауып, жерге түскен жапырақтарды жинап, қоқыстарды шығарып, сондай-ақ талдарды әктеу жұмыстарын жүргізді.