Тараз. Zhambylnews - Қордай ауданында биылғы құрылысшылар мен жол-көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі көпшіліктің есінде үлкен жаңалығымен сақталары сөзсіз. Өйткені, мерекеге орай аудан орталығында 50 пәтерге арналған бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер иелеріне кілт тапсырылған салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков арнайы келіп қатысты.
Сондай-ақ, бұл шараға аудан әкімі Қайрат Досаев, аудандық мәслихат хатшысы Біржан Әлімбет және облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әділет Ахатаев қатысты.
Азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қоры арқылы баспанамен қамту-еліміздің саясатының басым бағыттарының бірі. Сондықтан, аудан орталығы Қордай ауылында тұрғызылған көп қабатты тұрғын үйді шын мәнінде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасының ауыз толтырып айтарлық жемісі деуімізге әбден болады. Оның үстіне 50 отбасыға арналған бұл үй облыс аудандары арасында ел егемендік алғалы бірінші соғылып отырған тұрғын үй нысаны.
-Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мұндай іс-шаралар облыс көлемінде көптеп қолға алынып жатыр. Міне, көп пәтерлі тұрғын үйлері бар Қордай ауылының үйлеріне тағы да 50 пәтерлі тұрғын үй қосылып отыр. Дегенмен, тұрғын үй кезегінде әлі де 553 адам бар. Осы бағдарламаның шапағатымен тұрғын үй кезегі проблемасы да бірте-бірте шешімін таба берері сөзсіз. Өйткені «Нұрлы жол» шеңберінде елімізде, өзіміздің облыста құрылыс жұмыстары көптеп қолға алынуда. Бұл көпқабатты тұрғын үйді соғу үшін мемлекет арнайы жер және 400 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп, құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Құрылысы баста аздап кідіріп қалғаны болмаса, үй белгіленген уақытында пайдалануға беріліп отыр. Ешқандай асығыстық болмады. Барлық құрылыс жұмыстары, үйдің сыртқы қасбеті толық жасалды, - деді Б.Орынбеков.
Салтанатты рәсімде Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның Құрметті ардагері Қайым Керденов сөз сөйлеп, Елбасы Н.Назарбаевқа, осындай игі істің басы-қасында жүрген облыс, аудан басшылығына алғысын жаудырып, ауданда қоныс тойларының көбейе беруіне тілектістік білдірді.
Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері Е.Анишенко мен Қ.Керден, мүмкіндігі шектеулі азамат Ағаділ Есенбеков, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Татьяна Рыбалко, мұғалім Шолпан Қарабаева және денсаулық сақтау саласының қызметкері Назгүл Абжанова пітер кілттеріне ие болды.
Нысанның жалпы аумағы 3536,18 шаршы метрді құраса, оның 2071,9 шаршы метрі тек тұрғын үйге арналған.

«ZhambylNews» АА