» » Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде

Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде

    Тараз. Zhambylnews -  Ағымдағы жылдың  қаңтар-шілдесінде  негізгі капиталға салынған инвестициялар бағалауды есепке алғанда 109077 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,2%-ды құрады. Инвестицияның өскені облыстың 5 ауданында байқалды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
         Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2014 жылғы тиісті кезеңге 141, 2 мың шаршы метрді немесе 115%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы Тараз қаласында (106,6%) және облыстың 5 ауданында: Меркіде (2 есе), Қордайда (113,3%), Шуда (105,8%), Жуалыда (100,3%), Мойынқұмда (100,2%) өте белсенді жүргізілуде. 2015 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі үй салушылардың өз қаражаттары болып, оның үлес салмағы 94,1%-ды құрады.
         Тұтыну бағаларының индексі  маусым айымен салыстырғанда шілдеде 99,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 0,4%-ға арзандап, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағалары 0,2%-ға, ақылы қызметтердің тарифтері 0,1%-ға қымбаттады.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу