» » Баға тұрақтылығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Баға тұрақтылығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Баға тұрақтылығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді   Тараз. Zhambylnews – Шу ауданында  «Ата заң – тұрақты болашақтың кепілі» атты акция өтті. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.
Шараның мақсаты - заңдарды түсіндіру, әртүрлі жағдайлармен өзінің заңдылық құқықтарын іске асыра алмайтын әлеуметтік топтарды әшкерелеу, азаматтардың құқықтық білім деңгейін арттыру, сонымен қатар, елімізде теңгенің нарықтағы бағасының өзгеріске ұшырауына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Түсіндіру жұмысын аудан әкімінің орынбасары Е.Өмірәлиев, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма басшысы Ж.Айдапкелов және ауданаралық прокуроры Ж.Бердіғұлов жүргізді. Акцияға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен бас мамандары және мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты.
Жиын барысында Е.Өмірәлиев ауданымызда азық-түлік бағасының тұрақтылығын қадағалау мақсатында аудан әкімі басқарған штаб құрылып, дүкендерде қажеттілігі басым тауарлардың 33 түріне бақылау жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Әділет кеңесшілері Жанболат Серғалиұлы мен Жандос Бибосынұлы да баға тұрақтылығына байланысты біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын түсіндіріп, осы мәселеге қатысты азаматтар арасында жалған ақпарат таратылған жағдайда, қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертті.
Жиын соңы қатысушылардың арыз-шағымдарына байланысты жеке қабылдаумен жалғасты.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу