» » «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік қолдауын 2 есе қысқартты

«Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік қолдауын 2 есе қысқартты

Биыл «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы демеушілік қолдауын екі есе қысқартты. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов «Эксперт» клубының отырысында хабарлады,-деп жазады 24.kz
Келер жылы да бұл көрсеткіш 17-18 миллиард теңгеден аспайды. Айта кетсек, 2014 жылы мекеме түрлі спорттық, қайырымдылық және мәдени шараларды қолдау үшін 33 миллиард теңге қаражат жаратқан. Енді компания жетекшілері оңтайландыру үрдісін қолға алып жатыр. Бірақ әлеуметтік маңызы бар жобалар қалыптасқан экономикалық ахуалға қарамастан, назардан тыс қалмайды. Айдар Махметов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры: - Әрине, біз маңызды әлеуметтік жобаларды алсақ, Аружан Саинмен біз өте жоғары сапалы жобаны асырып жатырмыз. Сондай жобалар бойынша біз демеушілік қолдауымызды қысқартқан жоқпыз. Спорт туралы айтын болсақ, оған қолдауды 2 есе қысқарттық. Мәдениет мекемелері де бюджетті оңтайландыруға қызу кірісті. Соған қарамастан, мәдени бағдарламалар жалғасын табады. Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры: - Біз де шығындарымызды барынша қысқарттық. Мемлекетіміздің мәдениетін халықаралық аренада паш ету бағдарламамыз бар. Ол шығындарды да азайтуға тура келді. Бірақ біз өз өнерімізді көрсетуді тоқтатпаймыз. Өйткені елімізді шет мемлекеттерге таныстыратын – мәдениет қайраткерлері. Ол үшін әрине мемлекет пен ұлттық компаниялардың қолдауы қажет.



Пікір: 0
Пікір қосу