Жұмыс берушілер де қарамағындағылар үшін айлықтың 2 пайызын аударуға міндетті. Нәтижесінде көңіліңіз қалаған медициналық мекемеде ақысыз ем қабылдайсыз. Ал жұмыссыздар мен зейнеткерлер, балалар мен студенттер сақтандыру жарнасын төлеуден босатылады. Оларға мемлекет есебінен тегін медициналық көмек көрсетіледі. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары: - Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады. Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді. Екіншісі – жаңадан құрылатын Медициналық сақтандыру қоры ұсынатын пакет. Ол бойынша амбулаторлық-емханалық көмектен бастап, қалпына келтіру емдік шаралары мен жоғарғы технологиялық көмек көрсетіледі.
- 28 қазан 2015 ж.
- 114
2017 жылдан бастап еліміз медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді