» » Алматыда келер жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 44%-ға өседі

Алматыда келер жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 44%-ға өседі

Алматыда келер жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 44%-ға өседі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді,-деп хабарлайды BNews.kz.
«Жалпы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. ҚР Президентінің қолдауы арқасында аталған салалар тұрақты дамып келеді. Жаңа мектептер, ауруханалар, бала бақшалар көптеп салынуда. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақылары да өсуде. Мысалы, тек Алматы қаласында ғана соңғы үш жыл ішінде білім жүйесінің бюджеті 10 млрд теңгеге артып, 54,4 млрд теңгені құрады. Бүгінгі күні «Балапан» бағдарламасының бюджеті екі есе ұлғайып, 1,5 млрд теңгеге жетті. Қалада мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің жүйесі 95 бірлікке артты.Мектептердің материалдық-техникалық базасы ұдайы жаңартылуда. Алматының барлық мектептері интерактивті тақталармен жабдықталған. Келер жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 44% -ға өседі», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 
Сонымен қатар, соңғы үш жылда республикалық бюджетті қоса есептегенде, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 23% -ға артып, 69 млрд теңгеге жеткен.
7 нысан іске қосылды, тағы 6-уы салынып жатыр. Денсаулық сақтау ұйымдары жоғары технологиялы заманауи қондырғылармен жабдықталуда.
Дәрігерлердің жалақысы 140 мың теңгеге дейін, орта медқызметкерлер жалақысы 111 мың теңгеге дейін өскен.



Пікір: 0
Пікір қосу