
Сауылған сүт 3,5 мың тоннаға (2,2%-ға) кеміп, 163,8 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстарғанда өндірілген жұмыртқа 6647 мың данаға (11,1%) көбейді.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 1543 кг-ды, ал әр мекиен тауықтан алынған жұмыртқа 98 дананы құрады.
Ағымдағы жылдың 1 тамызвнда шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал санын өткен жылмен салыстырғанда ірі мүйізді мал 7,7%-ға (2,3 мың басқа), қой мен ешкі 2,1%-ға (60,7 мың басқа), жылқы 3,9%-ға (4,2 мың басқа) көбейді, ал шошқа 0,5%-ға (180 басқа), құс 10,3%-ға (131,5 мың басқа) азайды.
Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 105,2 мың бас бұзау, қозы мен лақ 1925,6 мың бас, торай 39,4 мың бас, құлын 33,7 мың бас алынды .
2015 жылғы қаңтар-шілдеде талдау жасалы отырған кезенде облысымыздың барлық санаттағы шаруашылықтарында 151 бас ірі мүйізді мал (өткен жылғы деңгейге 139,8%), 2066 бас – қой мен ешкі (34%), 104 бас - жылқы (2,2 есе) өлім - жітімге ұшырады.
Мал мен сүттің негізгі бөлігін өндіру тұрғын халықтың жеке үй шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр. Олар облысымызда өндірілген барлық еттің – 71,6%-ын, сүттің – 83,7%-ын, жұмыртқаның – 62,5%-ын.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағалармен 55622,3 млн. теңгені құрады.
«ZhambylNews» АА