» » Қазақ хандарының жүріп өткен жолдары жаңғырды

Қазақ хандарының жүріп өткен жолдары жаңғырды

Қазақ хандарының жүріп өткен жолдары жаңғырдыТарихқа – тағзым. Бір топ тарихшылар қазақ хандарының жүріп өткен жолдарына ғылыми экспедиция жасады. Үш жүздің басын қосқан Ұлытаудан басталған сапар Түркістан, Таразда жалғасын тапты,-деп жазады 24.kz
9 күнге созылған экспедиция барысында 4 адамнан құралған зерттеушілер 4 мың шақырымдық жол жүріп, қазақ тарихына қатысты нысандарға ат басын бұрды. Ұлытауда Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл, Түркістандағы Айша бибі, Қара хан кесенелерін картаға түсірген. Ғалымдар жинаған тың деректерін кітап етіп басып шығаруды жоспарлауда. Ал экспедиция қорытындысы 11 қыркүйек Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылатын конференцияда баяндалады. Бүркітбай Аяған, Мемлекет тарихы институтының директоры: - Қазіргі тарихи ескерткіштердің жағдайын қарадық. Оған баратын жолдарды көріп, оған қоса суреттеу жұмысын атқарған болатынбыз. 



Пікір: 0
Пікір қосу