Стамбұлдық клубтың футболшылары екі ел арасында 4690 шақырым жолды еңсеру үшін 5 сағат уақытын ұшақта өткізеді. Сол себепті жолдан шаршаған футболшылар бірден қонақ үйге жайғасып, тынығады. Ал баспасөз мәслихаты мен соңғы тактикалық жаттығу жұмыстарын ертең өткізеді.
Естеріңіге саламыз, «Астана» мен «Галатасарай» клубтары арасындағы матч 30 қыркүйек күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл күні кешкі сағат 19:00-ден бастап «Астана Арена» бағытындағы жолдарда көліктер қозғалысына шектеу қойылады.





