» » «Галатасарай»-«Астана» кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі

«Галатасарай»-«Астана» кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі

«Галатасарай»-«Астана» кездесуі тікелей эфирде көрсетіледіЖелтоқсанның 8-інен 9-ына қараған түні «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы кездесу - «Галатасарай» және «Астана» футбол клубтарының арасындағы ойын көрсетілетін болады,-деп жазады 24.kz
Ыстамбұлда өтетін матч Астана уақыты бойынша сағат 1:45-те басталады. Орындар саны шектеулі. Ұйымдастырушылар жанкүйерлерден алдын ала келіп, өз орындарына жайғасуларын сұрайды. Залға сағат 00:30-дан бастап кіруге болады. Кіру тегін. «Астана» командасы топтық кездесулерде жақсы өнер көрсетіп, үшінші орынға таласатын болды. Бұл Еуропа лигасының плей-офф ойындарына қатысуға мүмкіндік береді. Ол үшін елордалық клуб Ыстамбұлда жеңіске қол жеткізуі тиіс. Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында клубтардың алғашқы кездесуі 30 қыркүйекте өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды.

Пікір: 0
Пікір қосу