» » «Астана»-«Галатасарай» матчы 2:2 есебімен аяқталды

«Астана»-«Галатасарай» матчы 2:2 есебімен аяқталды

Елордалық «Астана» Еуропа чемпиондар лигасы аясында түркиялық «Галатасараймен» ойынның екінші кезеңін өткізді.
Есепті алғаш болып Ыстамбул құрамасы ашты. Ойынның 31-минутында «Галатасарай» аяқдопшысы Біләл Кыса тепкен доп «Астана» қақпасынан табылды. Түркиялық команданың футболшысы Хакан Балта ойынның 77-минутында өз қақпасына гол салды. Ал ойынның 86-минутында қазақстандық команданың қақпашысы Ерич өз қақпасына гол салып,  «Галатасарайды» 2:1 есебімен алға шығарып берді. Бұл тартысты ойындағы екінші автогол болатын. Ал ойынның 89-минутында колумбиялық легионер Рохер Каньяс таразы басын теңестірді. Осылайша «Астана» Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің алғашқы ұпайларын қоржынына салды. Жалпы ойын өте тартысты өтті. Айта кетейік, бұл жергілікті құраманың Кәрі құрлықтағы ең беделді футбол додасының топтық кезеңіндегі екінші ойыны болатын.

Источник: 24.kz

Пікір: 0
Пікір қосу