Тараз. Zhambylnews - Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу Орталығының дінтанушы мамандары «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында Тараз қаласы «Сбербанк» АҚ филиалы қызметкерлеріне «Діни экстремизмнің қатері» тақырыбында семинар өткізді.Іс-шара барысында қазіргі уақытта қоғамды ерекше алаңдатып отырған радикалды діни ағымдардың зияны, жастар арасындағы діни сауатсыздық, дәстүрлі діни танымның төмендігі, жат насихаттарды айыра алмау себептерінен деструктивті ағымдарға тартылуы жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қатысқан қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
«ZhambylNews» АА


