Облыс әкімдігідін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың төрағалығымен өткен жиында «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Д.Жұмабаев, ҚМДБ-ң ғұламалар кеңесінің мүшесі, теолог-исламтанушы ғалым Е.Әміре баяндама жасады. Оған жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық мешіт имамдары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, дінтанушылар, жастар, БАҚ өкілдері және дін саласындағы АНТ мүшелері қатысты.
Конференция барысындадіни экстремизмге қарсы бағытталған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары, дәстүрлі діни таным құндылықтары, ханафи мазхабының ұстанымдары және діндегі әртүрлі сыңаржақ ағымдардың кері әсері түсіндірілді. Оның ішінде діни экстремизм бағытындағы «Хизб-ут Тахрир» діни-экстремистік партиясы, «Таблиғи жамағат», «Такфир» ұйымдары, «салафилер» топтарының жат идеологиясы ортаға салынып, талқыланды.
Сонымен қатар, Е.Әміренің ақпараттық-насихат жұмысы облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатпен кездесу форматында жалғасын тапты.
«ZhambylNews» АА



