Мұндай батареяда электр энергиясы сутегі мен оттеінің бірігуі арқылы шығады. Ол патенттелген технология арқылы жасалған. Батареяның iPhone 6 құрылғысында қолданылатыны және құрылымдық өзгерістердің қажеті болмайтыны айтылады. Жалғыз қажетті түзетуі - артқы панеліндегі вентиляциялық тесігінде болмақ, ол арқылы аз мөлшерде ылғал бөлінеді.
Сонымен қатар, iPhone-ды қуаттағыш құралдың өзгеретіні айтылады. Intelligent Energy компаниясының бас диреткоры Генри Винанд компанияның бұл құрылғысын "алға басқан зор қадам" деп атады. Оның айтуынша, мұндай жаңалық смартфондар саласында болмаған.


