» » Ғалымдар ең әділ балалар тұратын мемлекеттерді анықтады

Ғалымдар ең әділ балалар тұратын мемлекеттерді анықтады

Ғалымдар ең әділ балалар тұратын мемлекеттерді анықтадыАдам баласы жастайынан әрқашан алда болуға ұмтылып, өзінікі өзгенікінен көп болғанын қалайтыны белгілі. Ол – табиғат заңдылығы. Өмірдегі әділетсіздік туралы ұғымды есейгенде ғана сезініп жататынымыз рас. Осы ретте, жер шарындағы бірқатар мемлекетте балалар арасында сараптама жүргізіліп, бүгінде нәтижесі Nature журналында жарияланып отыр,-деп хабарлайды BNews.kz  lenta.tu сайтына сүйеніп.
Америкалық ғалымдар балалардан құралған 86 алты жұпты ойын түрінде тексеріп көрді. Үндістан, Канада, Мексика, Перу, Сенегал, АҚШ және Уганда елдерінің 15 жасқа дейінгі тұрғындары іріктеліп алынды. Балаларға ойын ретінде түрлі мөлшерде кәмпиттер таратылған болатын.
Бала кезінде бәрі де кәмпитті аз алып қалса ренжитін әдеті бар. Сегіз жасқа толғаннан кейін қанағатсыздық сезімі бәсеңдей бастайды. Алайда, үш мемлекетте балалардың бойына турашылдық туа бітетіні анықталған, олар – Канада, АҚШ, Уганда.
«Өзінен бұрын өзгенің жағдайын ойлап тұратын балаларды көріп, таңғалдық. Бұл әрекеттің себебін сұраған кезде, балалар әділетсіздікке бармайтындарын айтты»,- деді мақала авторларының бірі Питер Блэйк (Peter Blake).

Пікір: 0
Пікір қосу