» » Үйлердің арасында қалықтап тұратын бассейн

Үйлердің арасында қалықтап тұратын бассейн

Үйлердің арасында қалықтап тұратын бассейнЛондондағы онқабатты екі үйді енді 25 метрлік бассейн біріктіреді. Бұл туралы 24.kz  epochtimes.ru сайтына сүйеніп хабарлайды. 
«Аспандағы бассейн» жобасы Eckersley O’Callaghan компаниясына тиесілі. Аталған компания бұған дейін Apple дүкендерінің дизайнына жауапты болған. Бұл бассейн қала орталығына жақын орналасқан Найн-Элмз ауданындағы Embassy Gardens тұрғын үйінің бір бөлшегіне айналады. Жоба авторлары аталған бастаманы 2019 жылы аяқтамақ. Құрылыстағы негізгі қиындық – бассейннің іргетасы әртүрлі қаланған ғимараттарға бекітілетіндігінде. Қабырғаларын таза ұстау үшін су үнемі фильтрден өткізіліп отырады. Дегенмен бассейннің сыртын қолмен тазалауға тура келеді. Ballymore Group басшысының сөзіне қарағанда, бұл бассейнде адам өзін Лондон аспанында қалықтап жүргендей сезінеді.

Пікір: 0
Пікір қосу