Енді еліміздегі автожолдардың сапасын артық уақыт шығындамай, тез арада анықтауға болады. «Қазжол» ғылыми зерттеу институтының жылжымалы зертханасы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын зерттеп, жол жабындыларына инновация енгізуге мүмкіндік беруде,-деп жазады khabar.kz. Тағы бір айта кетерлігі, былтыр бұл жоба ТМД елдері бойынша Қазақстанда алғаш рет іске қосылған еді. «Жылжымалы зертхананың жол жабындарына инновациялық технологияларды енгізуге пайдасы зор», – дейді мамандар. Сапа – басты мақсат. Еліміздің табиғи ерекшелігін ескере отырып, терең зерттеуден өткен құрылыс материалдарын пайдаланған жолдар шыдамдылығын дәлелдеген. Гүлжан Көленқызы, тілші -Бірегей жылжымалы зертхана автомобиль жолдарының сыртқы жабындыларын ғана емес, ішкі қабаттарына толықтай зерттеу жүргізеді. Зерттеу нәтижелері жол жөндеу жұмыстарын алдын ала жоспарлап, шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Жылжымалы зертхана алыс аймақтардағы жолдарда лазерлі сенсор арқылы жолдың қауіпті учаскелеріне сараптама жасап, жарықтарды автоматты түрде тіркеп отырады. Сондай-ақ жолдың қалыңдығы мен шыдамдылығын дәл анықтай алады. Мәселен, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізінің сапасы осы зертхана көмегімен тексерілген. Қалижан Құлманов, «Қазжол» ҒЗИ Көпірлер мен автожолдар департаментінің директоры -Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облыстары бойынша мемлекеттік қабылдау алдында тұрған жолдардың сапасын толығымен зерттеп шықтық. Барлық сапасы біздің Қазақстандағы нормативтік құжаттардың талабына сай. «Жылжымалы зертхананың жол жабындарына инновациялық технологияларды енгізуге пайдасы зор», – дейді мамандар. Еліміздің табиғи ерекшелігін ескере отырып, терең зерттеуден өткен құрылыс материалдарын пайдаланған жолдар шыдамдылығын дәлелдеген. Бағдат Телтаев, «Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті -Биыл жаңа жол төсемелерінің құрылымдарын, табиғи климаттық жағдайларды, және қозғалыстың мөлшерін есепке ала отырып жасап шықтық. Ірі түйіршікті шағыл тас мастикалық асфальт-бетон өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бұл да біздің жол саласындағы ғылымның өндіріске берген жетістігі деп айту керек. Енді жол активтерін басқару жүйесін жасау қолға алынуда. Онда автожолдар туралы мәліметтер жинақталып, жолдың қолданылу мерзімі алдын ала болжанып отырады. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев Қазақстандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 128 мың шақырымды құрайды. Оның 23 мың шақырымы республикалық һәм халықаралық магистральдар санатында. Тағы 73 мың шақырым жол жергілікті желілерге жатады. Жолдардың 65 пайызына асфальт-бетон және қиыршық тас жабылған. Ұсақталған тас жамылғысы бар жолдардың үлесі 30 пайызға жуықтайды. Қалған 5 пайыз жолдар қара жер күйінде. 2013-2014 жылдар аралығында елімізде 20 мың шақырымнан астам жаңа жол салынды. Мәліметтер Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сайтынан алынды.




