» » Биыл тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың саны 3 мыңнан асты

Биыл тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың саны 3 мыңнан асты

Биыл тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың саны 3 мыңнан асты1 қазандағы мәлімет бойынша, биылғы жылы 3012 этникалық қазақ тарихи отанына оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алды,-деп хабарлайды BNews.kz.
Қайта оралған қандастарымыздың басым көпшілігі Жамбыл облысына – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысына – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысына – 108 отбасы (487 адам), сондай-ақ, өзге де аймақтарға қоныстанған.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың көпшілігі Өзбекстаннан (78,6%), Түрікменстаннан (6,7%), Қытайдан (6%), Моңғолиядан (3,1%), басқа аймақтардан (5,6 %) келген.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші - 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар - 32,5%, зейнеткерлер - 6,3%-ды құрап отыр.
Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6%-ы жалпы орта білімді, 32,8%-орта арнаулы, 15,4% - жоғарғы білімді, 2,1%-ның білімі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 мен 2014 жылдар аралығында Қазақстанға 259 мың 159 отбасы немесе 952 мың 882 этникалық қазақ келіп, оралман мәртебесін алған болатын. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрады.

Пікір: 0
Пікір қосу