» » Таразда жаңа балабақша есігін айқара ашты

Таразда жаңа балабақша есігін айқара ашты

Таразда жаңа балабақша есігін айқара аштыТаразда Конституцияның 20 жылдығы мен Білім күні қарсаңында жаңа балабақша балдырғандарға есігін айқара ашты. 280 орындық мектепке дейінгі мекеме заман талабына сай тамаша жабдықталған,-деп жазады 24.kz. 
Сәні мен сәулеті келіскен балабақшада енді балғындар тәлім-тәрбиемен қатар, бастапқы білімге де қол жеткізе алады. Жаңадан бой көтерген балабақшада оннан астам топ жұмыс істейді. Әр топ 25 балаға шақталған. Мұнда бүлдіршіндер 2 жастан бастап қабылданады. Кең сарайдай еңселі ыстық ұя балғындар үшін ыңғайлы. Музыка залы, медициналық, әдістемелік кабинеттер тоқтаусыз жұмыс істейді. Ал бала тәрбиесіне білікті тәрбиешілер мен психолог, логопед, мамандар жауап береді. Несібелі Жанаева, қала тұрғыны: - Немеремді осы балабақшаға әкеліп тұрмын. Сондай қуаныштымыз. Ата-аналар бәріміз қуанып жатырмыз. Бала-шағамызбен келіп тұрмыз осы жерге. Рақмет! «Еркеназ» балабақшасының құрылысына 472 миллион теңге қаражат жұмсалған. Бүлдіршіндерге арналған мекеме «Балапан» бағдарламасы бойынша салыныпты. Жалпы Жамбыл облысында 411 балабақша жұмыс істейді. Онда 42 мыңнан астам сәби тәрбиеленуде. Дегенмен балабақша кезегінде тұрғандар жоқ емес. Тек Тараз қаласының өзінде кезекте тұрған балалар саны 20 мыңнан асып жығылады. Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің бірінші орынбасары: - Бір айдан кейін «Арай» алқабында дәл осындай 280 орындық балабақша берілетін болады. Облыста мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие алып жатқан балалардың саны жылдағыға қарағанда айтарлықтай өскен. Бүгінгі күні 1 мен 3 жастағы балғындарды балабақшамен қамту 51, 2 пайызға жетсе, 3 пен 6 жас аралығындағылары 72, 3 пайызға өсіп отыр.

Пікір: 0
Пікір қосу