» » Мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналарымен семинар өтті

Мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналарымен семинар өтті

Мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналарымен семинар өттіТараз. Zhambylnews - Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы мамандары жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсінің алдын алу мақсатында Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналарымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында семинар өткізді. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі уақытта қоғамда ерекше алаңдатып отырған радикалды діни ағымдардың зияны, жастар арасындағы діни сауатсыздық, дәстүрлі діни танымның төмендігі, жат насихаттарды айыра алмау себептерінен деструктивті ағымдарға тартылуы жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
«ZhambylNews» АА



Пікір: 0
Пікір қосу