» » «Еуразия Барысына» қатысатын шетелдік палуандар анықталды

«Еуразия Барысына» қатысатын шетелдік палуандар анықталды

«Еуразия Барысына» қатысатын шетелдік палуандар анықталдыТараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 9 қазанда өтетін қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне Қазақстаннан өзге Түркия, Польша, Ресей, Грузия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Моңғолия елдерінің құрамалары қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Үшінші мәрте өтетін халықаралық турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады,-деп жазады kazsport.kaztrk.kz.
Биылғы турнирде қатысушылардың салмақ дәрежелеріне қатысты өзгеріс бар. Бұған дейінгі екі турнирде палуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша белдессе, биыл 7 салмақ бойынша күреседі (55, 66, 74, 82, 90, -100, +100 келі). Жылдағы үрдіс бойынша төрешілер құрамына шетелдік мамандар шақырылды.
Былтырғы «Еуразия Барысы» турнирінің чемпиондары Моңғолия биыл жаңа құрамда бақ сынайды. Бақыт Однай жаттықтыратын команда кұрамы мынадай:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сумия Батгал
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбол Херлен
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбаатар Одбаяр
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мунхбат Дагвадорж
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ган Тувшинжаргал
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бунддорж Джанчивдорж
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Алтангерел Давааням
Грузия құрамасы жарысқа қатысуға сақадай-сай. Карен Арутюнян баптайтын палуандар тізімі төмендегідей:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Иосе Церцвадзе
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гиоргий Калдани
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Каха Мамулашвили
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Заур Гагнидзе
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Паата Гвиниашвили
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гиоргий Коберидзе
Түркия құрамасы биыл Таразда өтетін турнирге үшінші мәрте қатысқалы отыр. Олардың құрамында мына палуандар белдеседі:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ахмет Озбай
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Искендер Озканоглу
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ибрагим Узун Халил
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Илкер Гулдурен
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сахин Турсак
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Юнусэмре Байндир
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Мурат Гемалмаз
Қырғыз Республикасының құрамасы «Еуразия Барысы» турниріне биыл екінші мәрте қатысады. Олардық құрамасы қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген палуандардан жасақталған.
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кұлынбек Естебаев
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Санжар Османалиев
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мирлан Ералиев
4. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кененбек Шамшидинулы
5. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мадияр Нуркалыкулы
6. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Нурбек Раймалыулы
7. -100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Тілек Кұралов
8. + 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Стихин
Польша балуандары «Еуразия Барысы» турнирі басталғалы қатысып келеді. Қазақ күресінің жүлдесіне таласы бар польшалық палуандар биыл бабында.
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ваврзкивич Марек
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гарбачик Бартоломей
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Пузыра Филип
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Радослав Козчински
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Микола Трзешнивский
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сарек Пётр
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Зарзечны Якуб
Ресей палуандары 2013 жылы турнирдің қола жүлдесін иеленген. Олар биыл келесі тізімде көрсетілгендей құрамда белдеседі.
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Алексей Кузьменко
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Акоп Акопян
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сергей Николаев
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Андрей Перевелюк
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Андрей Гусаров
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Дмитрий Минаков
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Ширяев
Өзбекстан құрамасы палуандарының тізімі:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Лазиз Мажидов
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Асадулло Бозоров
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Камоладдин Расулов
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Алишер Кудайбердиев
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ильхом Жураев
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Равшан Кусанов
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Мухси Киссомиддинов
«Еуразия Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын палуандар тізімі 7 қазанда белгілі болады. Қазір Тараз қаласында қазақ күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары өтуде.
Айта кетейік, Таразда өтетін «Еуразия Барысы-2015» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 11:50-де тікелей эфирде көрсетеді.



Пікір: 0
Пікір қосу