Биылғы турнирде қатысушылардың салмақ дәрежелеріне қатысты өзгеріс бар. Бұған дейінгі екі турнирде палуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша белдессе, биыл 7 салмақ бойынша күреседі (55, 66, 74, 82, 90, -100, +100 келі). Жылдағы үрдіс бойынша төрешілер құрамына шетелдік мамандар шақырылды.
Былтырғы «Еуразия Барысы» турнирінің чемпиондары Моңғолия биыл жаңа құрамда бақ сынайды. Бақыт Однай жаттықтыратын команда кұрамы мынадай:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сумия Батгал
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбол Херлен
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбаатар Одбаяр
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мунхбат Дагвадорж
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ган Тувшинжаргал
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бунддорж Джанчивдорж
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Алтангерел Давааням
Грузия құрамасы жарысқа қатысуға сақадай-сай. Карен Арутюнян баптайтын палуандар тізімі төмендегідей:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Иосе Церцвадзе
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гиоргий Калдани
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Каха Мамулашвили
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Заур Гагнидзе
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Паата Гвиниашвили
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гиоргий Коберидзе
Түркия құрамасы биыл Таразда өтетін турнирге үшінші мәрте қатысқалы отыр. Олардың құрамында мына палуандар белдеседі:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ахмет Озбай
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Искендер Озканоглу
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ибрагим Узун Халил
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Илкер Гулдурен
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сахин Турсак
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Юнусэмре Байндир
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Мурат Гемалмаз
Қырғыз Республикасының құрамасы «Еуразия Барысы» турниріне биыл екінші мәрте қатысады. Олардық құрамасы қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген палуандардан жасақталған.
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кұлынбек Естебаев
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Санжар Османалиев
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мирлан Ералиев
4. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кененбек Шамшидинулы
5. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мадияр Нуркалыкулы
6. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Нурбек Раймалыулы
7. -100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Тілек Кұралов
8. + 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Стихин
Польша балуандары «Еуразия Барысы» турнирі басталғалы қатысып келеді. Қазақ күресінің жүлдесіне таласы бар польшалық палуандар биыл бабында.
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ваврзкивич Марек
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гарбачик Бартоломей
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Пузыра Филип
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Радослав Козчински
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Микола Трзешнивский
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сарек Пётр
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Зарзечны Якуб
Ресей палуандары 2013 жылы турнирдің қола жүлдесін иеленген. Олар биыл келесі тізімде көрсетілгендей құрамда белдеседі.
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Алексей Кузьменко
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Акоп Акопян
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сергей Николаев
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Андрей Перевелюк
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Андрей Гусаров
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Дмитрий Минаков
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Ширяев
Өзбекстан құрамасы палуандарының тізімі:
1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Лазиз Мажидов
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Асадулло Бозоров
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Камоладдин Расулов
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Алишер Кудайбердиев
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ильхом Жураев
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Равшан Кусанов
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Мухси Киссомиддинов
«Еуразия Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын палуандар тізімі 7 қазанда белгілі болады. Қазір Тараз қаласында қазақ күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары өтуде.
Айта кетейік, Таразда өтетін «Еуразия Барысы-2015» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 11:50-де тікелей эфирде көрсетеді.


