Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер жаңа технологияның қыр-сырын көрші Ресейден үйреніп келіпті. Шағын цехтің жұмыс бастағанына аз ғана уақыт болса да қайнаған қызу тірлік жүріп жатыр. Қызметкерлер иілгіш тастың жасалу жолдарын толық меңгеріп алған.Тіпті сән үлгісінің хас шеберлерлері деуге болады. Кәдімгі құмды безендіріп, түрлі тастың табиғи кескінін шығарады. Мария Саркисян, шебер: - Бала кезімізде құммен ойнайтынбыз. Дегенмен мұндай кереметті бұрын-соңды жасап көрген емеспін. Әрбір иілгіш затты жасағанда асқан ұқыптылықты қажет етеді. Себебі мүлт кетсең, қаншама дүние желге ұшады. Ерлі-зайыптылар бұл жобаны бастамас бұрын ішкі нарықтың қыр-сырын әбден тексеріп барып, іске кірісіпті. Аяқ алыстары жаман емес. Тәулігіне 250-330 шаршы метр өнім шығарып жатыр. «Қазақстанда жасалған» деген сауда белгісімен шығып жатқан құрылыс заттарының өзгелерге қарағанда бағасы да арзан. Сапасы әлде қайда жоғары. Ішкі нарыққа жаңалық ретінде еніп отырған отандық тауарлардың жасалу технологиясы өте оңай. Иілгіш табиғи затқа құм бүрку арқылы жабыстырылады.Оған 12 түрлі қоспа қосылады.Дайын өнім бір тәулік кепкеннен кейін мынау сияқты иілгіш болып шыға келеді. Мамандардың пікірінше, бұл ыстыққа төзімді.Суыққа шыдамды келеді екен. Кәсіп иесі Дархан Ресейде оқып жүріп, әрбір қондырғының сызбасын қағазға түсіріп алыпты. Елге келген соң соған қарап қажетті құрал-саймандардың бәрін өздері жасап алған. Алғашқы өнімдерін сынақтан да өткізіп көріпті. Нәтиже жаман емес. Иілгіш таспен үйдің ішкі қабырғаларынан бастап, қасбеттері мен бағаналарды, тіпті суреттерді де безендіруге болады екен. Қалауыңа қарай кесіп алып жабыстыра бер. Жеңіл әрі иілгіш.Тез құрастырылады. Дархан Өмірзақов, кәсіпкер: - Жай құмсылақпен салыстырғанда мынандай табиғи тектес фактураны жасау мүмкіншіліг жоқ. Ал иілгіш тастың мүмкіндігі ондайға бар. Таза табиғи тас тектес. Осы қалпында осы түсін, осы тегін сақтап қалады 20 жыл бойы. Осылайша, өз күштерімен игілікті іс бастаған ерлі-зайыптылар енді алда өтетін «Жылдың үздік тауары» жәрмеңкесіне қатысуға бекініп отыр. Кәсіпкерлер Қазақстанда баламасы жоқ экологиялық таза отандық тауардың өз үміттерін ақтайтындарына сенімді.
- 24 тамыз 2015 ж.
- 98
Елімізде алғаш рет иілгіш тастар шығарыла бастады