» » Жұмыспен қамту орталықтары 2020 жылға қарай «Бір терезе» жүйесіне көшеді

Жұмыспен қамту орталықтары 2020 жылға қарай «Бір терезе» жүйесіне көшеді

Еліміздің жұмыспен қамту орталықтары 2020 жылға дейін 600 мың адамға жұмыс ұсынбақ. Қазір жылына 100 мың адам жұмыс табады. Осы санды одан әрі көбейту үшін Үкімет жұмыспен қамту қызметіне реформа енгізбек. Ол үшін біршама қаражаттың қажет екендігі де анық,-деп жазады khabar.kz
Сенаттың комитет отырысында осы жобаға қанша қаржы керектігі талқыланды.  Нұрбек Байбосын, тілші -Үкімет жұмыспен қамтудың жаңа жолдарын қарастыруда. Алдымен бұл саланы жіті зерттейді. Мәселен орталықтардың материалдық-техникалық жағдайы бағаланады. Үкімет еңбекпен қамту орталықтарының жұмысын жақсарту үшін арнайы әзірленген жобаға сүйенбек. Оның құны – 25 млрд теңге. Қаржының басым бөлігін Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынады. Тиісті заң жобасы бүгін Сенат комитеті отырысында қаралды. Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары   -Жұмыспен қамту орталықтары «Бір терезе» қағидатымен жұмыс жасайтын болады. Яғни жұмыс беруші мен оқу орындары арасында байланыс орнайды. Әрі материалдық техникалық  база жақсарады. Осыған орай 64 білім беру ұйымдарына техникалық оқу-өндірістік жабдықтар сатып алу жоспарланған.  -Реформа деген түсінікті. Бұған қоса басқа да шаралар қолға алынады ма? Нұрбек Байбосын, тілші -Ия, әрине. Заң жобасында жұмыспен қамту орталықтарын реформалаудан өзге мектеп түлектерін мамандыққа баулу мәселесі де қолға алынады. Серік Бектұрғанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты   -Бұл іс – еңбекпен қамту орталықтарының жұмысы емес. Білім және ғылым министрлігі айналысатын шаруа. Біз кез келген білім беру стандартын енгізе аламыз. Колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсарта аламыз. Бірақ оларға түлектер бармаса жұмыстың барлығы далаға кетеді. Демек негізгі міндет – жастарды кәсіби мамандыққа баулу. Айта кетейік, Халықаралық қайта құру және Даму банкінің осы жобаға бөлетін қаржысы қарызға беріледі. Ол 5 жылдық жеңілдік кезеңімен 19 жылға есептелген. Осы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті қараған заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.



Пікір: 0
Пікір қосу